Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан-Франция экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы делегат министрі Франк Риестердің кездесуі бейнеконференция форматында өтті.

Уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен келіссөздерде өнеркәсіп, машина жасау, инфрақұрылым және көлік, сондай-ақ денсаулық сақтау, энергетика, ғарыш қызметі және инвестициялар салаларындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелерінің ағымдағы жағдайы талқыланды.

Бейнеконференция қорытындысы бойынша Министрлер жобалардың тиісінше орындалуын қадағалау үшін тұрақты кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Анықтама:

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте екі ел арасындағы тауар айналымы 20,4% артып, 1,9 млрд. еуроны құрады.

Экспорт - 1,5 млрд. еуро, импорт - 408,7 млн. еуро. Қазақстан экспортының негізгі тауарлары - мұнай, металл және металл өнімдері, химиялық өнімдер, ауыл шаруашылығы өнімдері, автомобильдер, тамақ өнімдері.

Қазақстан экономикасына салынған Франция инвестициясының көлемі 16 жыл ішінде (2005 жылдан 2021 жылдың бірінші жарты жылдығы аралығында) шамамен 15 млрд. еуроны құрады. 2021 жылдың 10 айында ҚР негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,5% құрады.

Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 175 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде "Total Énergies", "Orano", "Danon", "Vicat", "Alstom" және т.б. (236 кәсіпорын тіркелген) компаниялар бар.