«Caspian Ports and Shipping – 2021» Халықаралық конференциясы шеңберінде теңізде жүзу қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өтті

«Caspian Ports and Shipping – 2021» Халықаралық конференциясы шеңберінде теңізде жүзу қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өтті

 

2021 жылғы 21 қазанында Ақтау қаласында «Caspian Ports and Shipping – 2021» Халықаралық конференциясы шеңберінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қайриден Нүркеновтың  төрағалығымен теңізде жүзу қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өтті.

Аталған отырысқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің, ҚР Порттарының теңіз әкімшілігінің, Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының, теңіз индустриясының кеме иелері мен кәсіпкерлері қауымдастығының, Ақтау және Құрық теңіз порттарының, «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының, Теңіз навигациялық орталығының, Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Қазақстан атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің, Теңіз оқу-тренажер орталығы, «North Caspian Operating Company» компаниясы, «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» және «Bureau Veritas» сыныптау қоғамдары өкілдері қатысты.

Аталған іс-шара барысында сауда мақсатында теңізде жүзу, кеме қатынасының қауіпсіздігі, оның ішінде теңіз порттарының акваториясында, кемелердің шекарадан өтуі, көлік оқиғалары, теңізшілерді даярлау және дипломдау, гидрографиялық қамтамасыз ету, теңіз және шағын көлемді кемелерді техникалық куәландыру саласындағы бақылау және қадағалау мәселелері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша осы саладағы проблемалық мәселелердің жол картасын әзірлеу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.