Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттердің және бақылаушы ел - Венгрияның көлік министрлерінің 5-кездесуінің қорытындылары.

Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттердің және бақылаушы ел - Венгрияның көлік министрлерінің 5-кездесуінің қорытындылары.

2021 жылғы 13-14 қазанда Будапешт қаласында (Венгрия) Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттердің Көлік министрлерінің 5-кездесуі және Түркі Кеңесінің көлік саласын дамыту жөніндегі жұмыс тобының 10-отырысы өтті. Кездесуді Венгрия Республикасының Инновациялар және технологиялар министрлігі ұйымдастырды.

Кездесу барысында бірқатар мәселелер, соның ішінде пандемиядан кейінгі әлемдегі Транскаспий халықаралық Шығыс-Батыс орта көлік дәлізі бойынша көлік және транзиттік операцияларды жеңілдету үшін қабылдануы қажет шаралар, құрамдастырылған жүк тасымалы туралы келісім, "Жол көрсету туры (Автомобиль сауда керуені)", Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер арасында электрондық рұқсат беруді қолдану мәселелері, сондай-ақ Армения мен Әзірбайжан шекарасында өтетін Зангезур дәлізінің перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар, Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттердің бауырлас-порттары арасындағы көліктік ынтымақтастық мәселелері қаралды. Нәтижесінде түріктің Мерсин порты мен "Әмбебап логистикалық қызметтер", "Ахтачи" және "Термез жүк орталығы" сияқты Өзбекстанның логистикалық орталықтарының Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттердің порттары арасындағы порттық қатынастар мен ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қосылуы туралы қосымша хаттамаға қол қойылды.