Цифрландыру. Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі

Цифрландыру. Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі

2021 жылғы 13-14 қазанда Алматы қаласында Беларусь Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Литва Республикасы, Латвия Республикасы және басқа да елдер өкілдерінің қатысуымен «Көлік және логистика»
24-Қазақстандық халықаралық көрмесі шеңберінде «Көлік және логистика нарығы» атты III Халықаралық конференция өтті.

«Көлік саласындағы ақпараттық және цифрлық технологиялар» панельдік сессиясында ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы Самат Қуанышұлы Гилимов көлік саласын цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шараларды атап өтті. Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу туралы айтты. Бұл жүйе қағаз ілеспе құжаттарды электрондық форматқа көшіруге, сондай-ақ көлеңкелі нарықтан заңсыз тасымалдаушыларды шығаруға, жүктер мен жолаушыларды жеткізу мерзімдерін қысқартуға, көлік қызметтерінің сапасын арттыруға және қашықтықтан бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Жүйе тәжірибелік пайдалануға енгізілді.

Көлік саласын цифрландыру бойынша қабылданатын шаралардың түпкі мақсаты - ұлттық зияткерлік көлік жүйесін құру.

Зияткерлік көлік жүйесі көлік қызметтерін ұсыну үшін қолайлы жағдай жасап, көлік-коммуникация кешенінде жоспарлау мен басқару сапасын арттырады.