Алматы қаласында агломерацияның көлік моделі талқыланды

Алматы қаласында агломерацияның көлік моделі талқыланды

2021 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрінің төрағалығымен Ұлттық экономика министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің, Дүниежүзілік Банктің және Алматы қаласын дамыту орталығының қатысуымен Алматы қаласы мен Алматы облысының агломерациясының көлік моделін әзірлеу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Алматы қаласы мен Алматы облысы агломерациясының көлік моделі сценарийлік тәсілді қолдануға және қолданыстағы және жобаланатын көлік инфрақұрылымы мен қозғалысты басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдарды әзірлеуге мүмкіндік беретін көлік ағындарын толыққанды және сапалы құру, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар кешенін қамтиды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы мен Алматы облысының агломерациясының көлік моделі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әзірленуде.

Модель қала мен облыс деректерін табысты интеграциялау, оның ішінде,  жоспарлау бөлігінде – жолаушылар ағыны болжамдарының нақтылығын арттыру үшін қажет.

Кездесу барысында Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдерінің орынбасарлары, агломерацияларды әзірлеу жөніндегі сарапшылар тобы басшысының баяндамалары тыңдалды.

Бұдан басқа, вице-министр Б.Камалиев Алматы қаласының Көлік холдингінің жұмысымен танысты. Холдингте «Оңай» жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесінің тәжірибесі және жалпы қаланың көлік ағынын диспетчерлендіру мәселелері зерделеніп, өңірлерге кеңес барысында холдинг басшысының презентациясы ұсынылды.