Көлік қызметкері күні құтты болсын!

Көлік қызметкері күні құтты болсын!

Бұл күн - көлік жүргізушілерін, ұшқыштарды, диспетчерлерді, инженерлерді, көлік кәсіпорындары қызметкерлерін және азаматтардың өмірін жайлы ететін, сондай-ақ ел ішінде және одан тыс жерлерге түрлі жүктерді тасымалдайтын жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ерен еңбектері үшін алғыс жаудыратын тамаша мүмкіндік.

Ел экономикасының өсуі, әлеуметтік саланың дамуы және сыртқы экономикалық қызметті тиімді жүзеге асыру көлік қызметкерлерінің еңбегіне байланысты.

Сала қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында көлік инфрақұрылымы белсенді түрде жаңғыртылып, жаңартылуда, тасымалдау көлемі артып, инновациялық технологиялар енгізілуде.

Өмірлік кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз бен қажырлы қызметтеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамыз және мықты денсаулық, баянды бақыт, еңбекте табыс тілейміз.