ҚР ИИДМ-інде көлік саласының ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады

ҚР ИИДМ-інде көлік саласының ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады

Жыл сайын тамыздың бірінші жексенбісінде көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі.
Бүгін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б.С. Камалиев бейнеконференция байланысы арқылы ардагерлер мен барлық көлік қызметкерлеріне құрмет көрсетті.

Салтанатты іс-шаралар карантиндік шараларды сақтай отырып, Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізілді.

Берік Камалиев көлік кешені барлық уақытта отандық экономиканың стратегиялық маңызды саласы болып саналатынын, елдің өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін нығайтуда, өңіраралық және халықаралық байланыстарды дамытуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

Ал біздің саланың еңбеккерлері қоғамда ерекше құрмет пен ынта-ықыласқа ие.

Тәуелсіздік жылдарында ауқымды жобалар іске асырылды, соның арқасында Қазақстан өңірлік логистикалық хабқа және транзиттік әлеуеті дамыған, халықаралық ұйымдардың толыққанды қатысушысы болған елге айналды.

Бүгінде 400 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған еліміздің көлік саласы экономиканың серпінді дамуының драйверлерінің бірі болып табылады.

Көлік саласы қызметкерлерінің күшімен екі мың шақырымнан астам жаңа теміржол учаскелері салынды, порт инфрақұрылымы жаңғыртылды, көлік-логистикалық орталықтар жедел қарқынмен салынуда, жүк тасымалы үшін жаңа тартымды бағыттар құрылуда.

Соңғы жылдары көлік-коммуникация кешені жүк және жолаушылар тасымалы көлемі бойынша тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

Орта мерзімді келешекке арналған стратегиялық міндеттер әзірленді, олар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасында көзделген.

Вице-министр алға қойылған жаңа міндеттерді абыроймен орындауды тапсырды.

Министрлік басшылығының құттықтау сөздері сала қызметкерлерін «Еңбек ардагері», «Құрметті теміржолшы», «Құрметті автокөлікші», «Үздік автокөлікші», «Су көлігінің үздігі», Министрдің құрмет және алғыс хаттары сияқты ведомстволық наградалармен және грамоталармен марапаттаумен жалғасты.