ҚР ИИДМ: «Жолдағы қабылдау» акциясы

ҚР ИИДМ: «Жолдағы қабылдау» акциясы

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық органдарымен бірінші жарты жылдықта жүргізушілердің құқықтарын, көліктік бақылауды жүргізу тәртібін, тасымалдау процесіне қатысушылардың міндеттері мен ҚР көлік заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігін түсіндіре отырып, автомобиль жолдарында тасымалдаушылармен кездесуге және кездесулерге тікелей қатысу үшін бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен "Жолдағы қабылдау" 17 акциясы өткізілді.

Аталған акцияның қорытындысы бойынша автомобиль көлігі саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасына түсіндірмелер мен кеңес беріліп, өңірлік және республикалық БАҚ-да жарияланған.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында көліктік бақылау органдарымен жалпы 13 883 заң бұзушылықтар анықталған және 555,7 млн. теңгеге жол жүру үшін алымдар мен әкімшілік айыппұлдар салынды.

Аталған акция жарты жылда бір рет өткізіледі.