Карантинге дейінгі кезеңмен салыстырғанда транзиттік контейнерлік тасымалдар үштен бірге ұлғайды.

Карантинге дейінгі кезеңмен салыстырғанда транзиттік контейнерлік тасымалдар үштен бірге ұлғайды.

2020 жылы транзиттік қатынастағы контейнерлік тасымалдар 876 мың ЖФЭ құрады. Ал 2019 жылмен салыстырғанда өсім 32% құрады. Бұл туралы бүгін ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде мәлімдеді.

2021 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысында темір жол көлігімен контейнерлік жүктерді тасымалдау 36% өсті.

Барлық қатынастарды ескере отырып, контейнерлерді тасымалдау көлемі 801 мыңнан астам ЖФЭ құрады. Бұл ретте транзиттік тасымалдар 44% ұлғайып, жарты миллионнан астам ЖФЭ құрады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін көрсеткіш 1 млн. ЖФЭ құрайды. Ал 2025 жылға қарай 1, 66 млн ЖФЭ жетеді.

Осы мақсатқа жету үшін фитингтік платформалар мен инфрақұрылымдық қуаттардың тиісті паркі қажет. Бұл үшін Министрлік вагондар паркін жаңартуға операторларды ынталандыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

2016 жылдан бастап вагондарды сатып алуға несие беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау әдісі енгізілді.

Мемлекеттік қолдау аясында 5,5 мыңға жуық жүк вагоны, оның ішінде 3,5 мың фитингтік платформа сатып алынды. Олар контейнерлерді тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл жұмысты "Қуатты өңірлер – экономиканың драйвері" ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін жалғастыру жоспарланып отыр.