Қоғамдық көлікте жолақы төлеудің электрондық жүйесі енгізілуде

Қоғамдық көлікте жолақы төлеудің электрондық жүйесі енгізілуде

2020 жылғы 4 наурыздағы «Цифрлық Қазақстан!» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің үйлестіруімен жергілікті атқарушы органдар республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың қоғамдық көліктерінде жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізуде.

Электрондық төлемді енгізу қоғамдық көлікте төлемдерді қабылдауда заманауи жүйе жасауға, жаңа инновациялық технологияларды енгізуге, жолаушылар көлігі жұмысының тиімділігін жақсартуға, сондай-ақ қызмет көрсетуші мамандардың жосықсыз іс-әрекеттерін азайту арқылы көлеңкелі экономикадан қаражатын шығаруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта қоғамдық көлікте ақы төлеу жүйесі еліміздің 12 қаласында - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Атырау, Ақтау, Тараз, Өскемен, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар қалаларында, ішінара Орал, Қызылорда, Петропавл, Түркістан сияқты 4 қалада толық жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін Қарағанды қаласында электрондық төлем жүйесін енгізу жоспарланып отыр.