Қазақстан мен Түркия арасында автокөлік тасымалдарын дамыту туралы

Қазақстан мен Түркия арасында автокөлік тасымалдарын дамыту туралы

2021 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Түркия арасындағы автокөлік тасымалдарында оң динамика байқалды: 283,3 мың АҚШ доллары сомасына 91,1 мың тонна тасымалданды. 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайыз өсім болды (62,5 мың тонна).

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Баку (Алят) - Құрық бағытында теңіз тасымалының құны 1800 АҚШ долларына дейін төмендегенін атап өткен жөн (бұрын тариф 2400 АҚШ доллары болған).

Сонымен қатар, 2020 жылы Қазақстан-Түркия көлік қызметтері нарығындағы Қазақстан тасымалдаушыларының үлесі 18%, Түркияның және үшінші елдер тасымалдаушыларының үлесі тиісінше 56% және 26% құрады.

2016 жылы Автокөлік жөніндегі аралас комиссияның отырысы барысында түрік тарапы Түркиядан Қазақстанға түрік тасымалдаушылары орындайтын рейстер санынан қазақстандық автокөлік құралдарының кемінде 26%-ын жүктеуді қамтамасыз ету бойынша міндеттеме қабылдаған.

Бұл ретте транзиттік-көліктік ынтымақтастықтың серпінді дамуының ажырамас шарттарының бірі - отандық тасымалдаушылардың жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және шетелдік тасымалдаушылармен тең құқықтық тепе-теңдік деңгейін қамтамасыз ету.

Тасымалдаулар саласында тепе-теңдікті сақтау мақсатында жыл сайын Тараптар арасында рұқсат бланкілерімен алмасудың өзара келісілген квотасы белгіленеді.

2021 жылға Тараптар арасында тағайындау түрлері бойынша рұқсаттама бланкілерімен алмасу квотасы белгіленген: Қазақстан үшін – 11 000 бланк, Түркия үшін – 12 500 бланк.

Осы квотадан 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандық тасымалдаушылар үшінші елдерге/елдерден 2137 әмбебап, 3 транзиттік және 1602 рұқсатты пайдаланды.

Түрік тасымалдаушылары үшінші елдерге/елдерден 2787 әмбебап, 5655 транзиттік және 102 рұқсатты пайдаланды.

2021 жылғы маусымда Қазақстан мен Түркияның автотасымалдаушылар қауымдастықтары арасында келіссөздер, сондай-ақ Автокөлік жөніндегі аралас Қазақстан-Түркия комиссиясының кезекті отырысын өткізу жоспарланып отыр. Оның барысында бауырлас екі ел арасындағы өзара тиімді тасымалдарды жүзеге асыру үшін тиісті шешімдер қабылданады.