Автомобиль көлігі саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімге қол қойылды

Автомобиль көлігі саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімге қол қойылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті  вице-министр Берік Камалиевтің басшылығымен Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімге қол қоюдың ресми рәсімін ұйымдастырды.

Салалық келісімге ИИДМ, «Қазақстан Республикасы автокөлікшілер одағы» ЗТБ, «Қазақстанның автомобиль конвент» АЮЛЗ, «Нұр-Сұлтан қаласының Жолаушылар тасымалы Қауымдастығы» ЗТБ, сондай-ақ ҚР Еңбек кодексінің шеңберінде «Yntymaq «Қазақстан Орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ (152-б.2-т.) қол қойды.

Айта кету керек, салалық келісімге алғаш рет қол қойылды, бұған дейін автомобиль көлігі саласындағы әлеуметтік әріптестік бойынша мұндай келісім жасалмаған болатын.

Келісім Тараптардың әлеуметтік әріптестігінің негізгі құжаты болып табылады және Тараптардың келісілген әлеуметтік-еңбек саясатын жүргізуінің, көлік кәсіпорындарының жұмысын жетілдірудің, автомобиль көлігі саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауды күшейтудің жалпы қағидаттарын белгілейді.

Осы салалық келісімге қол қою автокөлік саласының жай-күйіне мониторингті тиімді жүзеге асыруға, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ автокөлік кәсіпорындары қызметкерлерінің проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешу жөнінде жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.