ҚР ИИДМ басшысы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрімен жұмыс кеңесін өткізді.

ҚР ИИДМ басшысы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрімен жұмыс кеңесін өткізді.

2021 жылғы 4 мамырда "Тұрғын үй коммуналдық шарашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ-да ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің төрағалығымен бірлескен көшпелі кеңес өтті.
Министрлерге Е-Шаңырақ ТКШ саласындағы бірыңғай интеграциялық жүйе және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының инфрақұрылымдық деректерінің бірыңғай геопорталының жобалары таныстырылды.

Осы жобаларды іске асырудың арқасында азаматтар мен бизнес инженерлік желілер және табиғи монополия субъектілерінің қолжетімді қуаты бойынша ақпаратты ала алады.

Көлік саласын цифрландыру бағытында қалалық қана емес, қалааралық қатынастарды да электрондық билеттеуге қатысты бірқатар шешім қабылданды.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әуежайларының цифрлық құжаттарды қолдану тәжірибесін кезең-кезеңімен басқа қалаларға таратуға уағдаласты.

"Мемлекет басшысы айтқандай "Цифрландыру - барлық реформалардың базалық элементі" (2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдау). Барлық трансформациялық өзгерістердің басында цифрландыруды қою, нормативтік базаны, бірыңғай талаптар мен стандарттарды бекіту арқылы Министрліктің ғана емес, өңірлердің де қызметін ашық ету қажет. Бүгін біз ТКШ және көлік саласындағы цифрлық бастамалар бойынша Министрлік жүргізіп жатқан жұмысты талқыладық. Бірлескен талқылау тәжірибесін бекітіп, болашақта Министрліктің басқа да салаларын цифрландыру мәселелері бойынша жиналып тұруды ұсынамын", - деді Бейбіт Атамқұлов.