ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түрікменстанның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түрікменстанның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

2021 жылғы 29 сәуірде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түрікменстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджеповты қабылдады.

Кездесуде сауда-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Министр Ақтау теңіз сауда порты мен Түркменбашы халықаралық теңіз порты арасындағы теңіз, соның ішінде фидерлік* тасымалдарды дамытуға ерекше назар аударды.

Түрікмен тарапы қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін сатып алуға, барлық бағыттарда жүк транзитін кеңейтуге мүдделілігін атап өтті.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

* Фидерлік тасымалдар - жүктерді шоғырландыру, тиеу және тасымалдау үшін кемелермен теңіз арқылы қысқа қашықтыққа тасымалдау.