ҚР ИИДМ көлік саласындағы заңнамадағы олқылықтарды жояды

ҚР ИИДМ көлік саласындағы заңнамадағы олқылықтарды жояды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеп, Үкіметтің қарауына енгізді.

Заңнамаға енгізілген өзгерістер келесі міндеттерді шешеді:

- көліктік бақылау жүйесінде адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою;

- автожолдардың сақталуын арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту;

- Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін жиналатын алымдар есебінен республикалық бюджет кірісін ұлғайту;

- Каспий теңізінің қазақстандық секторында суға батқан шетелдік кемелерді көтерудің құқықтық тетіктерін белгілеу;

- теміржол көлігіндегі апаттарды, сондай-ақ кемелерде болатын апаттық жағдайларды тергеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдіру;

- ұшу қауіпсіздігі мен әуедегі қауіпсіздікті арттыру;

- азаматтық авиацияның транзиттік әлеуетін нығайту және Қазақстанның авиациялық билік орындарының өкілеттіктерін күшейту және беделін арттыру;

- жалпы көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру.

Заң жобасында:

- көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеудің автоматтандырылған станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құқықтық тетіктер құру;

- азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды институционалдық дамыту арқылы азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру;

- азаматтық авиация қызметін, әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын, ішкі әуе бағыттарен ұшуды, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды және жалпы мақсаттағы авиацияның ұшуларын орындау үшін ұшуларды ұйымдастыру тетігін жетілдіру;

- теңіз апаттарының салдарын жоюға байланысты қатынастарды реттеу, сондай-ақ батып кеткен кеме мен мүліктің орналасқан жерін, белгілеуін және жойылуын анықтау үшін қаржылық қамтамасыз етуді белгілеу;

- кемелермен болған апаттық жағдайларды, сондай-ақ теміржол көлігіндегі апаттарды, апаттар мен оқиғаларды, оның ішінде жолаушылар пойызында вагондардың шығып кетуіне әкеп соққан тергеудің жеделдігін қамтамасыз ету;

- ішкі су жолдары мен шлюздерді ұстауға бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды күшейту жөніндегі нормаларды қабылдау;

– 2019 жылғы 25 шілдедегі "Бақытты бала – Бақытты ана – Бақытты отбасы - Бақытты ел" жол картасына сәйкес жолаушылардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беру;

- қақтығыстарды, қайшылықтарды жою қарастырылған.

Бұл шараларды іске асыру республикалық бюджет есебінен қосымша қаржы шығынын талап етпейді, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және экологиялық салдары болмайды.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарының 9-тармағына сәйкес енгізілді (2020 жылғы 29 желтоқсанда бекітілген, № 910 қаулы).