Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және әдептілік идеологиясын қалыптастыру жөнінде семинар-кеңес өтті

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және әдептілік  идеологиясын қалыптастыру жөнінде семинар-кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 5 сәуір  күні «ZOOM» платформасы арқылы Көлік комитетінің және аумақтық органдардың мемлекеттік қызметшілерін сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және әдептілік идеологиясын қалыптастыру тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

         Кеңеске ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Д.Қоспабаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры, төраға орынбасары  Д.Рахметуллин, «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы бойынша қалалық аппаратының басшысы К.Алиев, Көлік комитеті және оның аумақтық органдарының Әдеп уәкілдері мен қызметкерлері қатысты.

         Семинар Көлік комитетінің мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық және Әдеп кодексінің бұзушылықтарының алдын-алу мақсатында ұйымдастырылды.

         Қазіргі таңда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Көлік комитетімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жоюға бағытталған ауқымды іс-шараларды жүргізуде.

         Сондай – ақ, Көлік комитетінің бастамасымен ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап көліктік бақылау жүйесін толық автоматтандырып, цифрлық форматқа түбегейлі өзгерту жоспарлануда.

         Бұл бағытта көліктік бақылау органдарының қызметкерлері мен тасымалдаушылар арасында тікелей қатынастың болу себептері және оның салдарында орын алатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері толықтай жойылуы күтілуде.

         Кеңес қорытындысы бойынша көліктік бақылау органдарының қызметкерлері мен тасымалдаушылар арасында тікелей қатынастың болу себептері және оның салдарынан орын алатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толықтай жоюға бағытталған шаралар қабылданды.