"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Логистика және тасымалдау комитетінің Автомобиль көлігі жөніндегі Кіші комитеттің төралқа отырысы туралы

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Логистика және тасымалдау комитетінің Автомобиль көлігі жөніндегі Кіші комитеттің төралқа отырысы туралы
2021 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің басшылығы Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Логистика және тасымалдау комитетінің автомобиль көлігі жөніндегі кіші комитетінің отырысына онлайн конференция режимінде қатысты.  
Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов халықаралық жүк және жолаушылар тасымалдарын дамыту, автомобиль көлігі саласын цифрландыру, шетелдік рұқсат бланкілерін бөлу және берудің бизнес-процесін жетілдіру, сондай-ақ автомобиль жолаушылар тасымалы саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сондай-ақ, отырыс барысында өзекті мәселелер талқыланып, кіші комитет мүшелерінің автомобиль көлігі саласын одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстары тыңдалды.