Алтай Әли ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Алтай Әли ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Алтай Сембекұлы Әли ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алған. 2008 жылы "экономика бакалавры", 2012 жылы "құқық бакалавры" мамандығының иегері атанған.  

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. Алматы қаласында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау департаментінің менеджері, ҚР Премьер-Министрінің Сыртқы байланыстар басқармасы мен хаттамалық бөлімінің сарапшысы, ҚР Премьер-Министрі Хатшылығының бас сарапшысы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас консультанты, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Түркістан қаласы әкімінің көмекшісі болып қызмет атқарды.