Цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесінің сервистері мен цифрлық инфрақұрылымын іске асыру тетіктері талқыланды

Цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесінің сервистері мен цифрлық инфрақұрылымын іске асыру тетіктері талқыланды

       Бүгін Digital Almaty 2021 цифрлық форумы аясында ("ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесінің сервистері мен цифрлық инфрақұрылымын іске асыру тетіктері" дөңгелек үстелі) ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Данияр Қоспабаев баяндама жасады.

   Д.Қоспабаев өз баяндамасында дөңгелек үстелге қатысушыларды Қазақстандағы көлік саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті және ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесі сервистерін іске асыру кезінде мемлекеттердің цифрлық егемендігін сақтау қағидаттарына негізделу, бұл ретте цифрлық көлік сервистерінің жоғары интероперабельділігін қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.