Сыбайлас жемқорлыққа түбегейлі қарсы орта қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа түбегейлі қарсы орта қалыптастыру

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өткен кеңейтілген кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің нәтижелері мен перспективалық міндеттерді талқылады.

Кеңес ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев пен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың бірлескен төрағалығымен ҚР ИИДМ вице-министрлері, комитеттер, өңірлік және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысуымен өтті.

Жиын барысында Министрлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың алдын алу шараларына басты назар аударатыны атап өтілді.

ҚР ИИДМ-де "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жұмыс істейді. Онда Министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, әкімшілік кедергілер мен бюрократиялық рәсімдерге талдау жүргізіледі. Ең алдымен мемлекеттік сатып алу саласына баса назар аударылады. Талдау нәтижелері бойынша Әкімшілік реттеу шаралары қабылданып, олардың пайда болу себептері жойылады. Мемлекеттік қызметшілердің араласуына тосқауыл қойылады.

Министр Мемлекет басшысының өткен жылдың тамыз айында өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңейтілген кеңес барысында берген тапсырмаларын іске асыру аясында Министрлікте бизнесті қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасы құрылғанын, ішкі аудит бөлімшелерінің жұмысы күшейтілгенін атап өтті. Қоғамдық кеңес белсенді жұмыс істеп жатыр. Үкіметтік емес сектормен және бизнес қауымдастықтармен өзара іс-қимыл және тығыз байланыс жолға қойылған. Азаматтар мен бизнес үшін қызмет көрсету жоспарлы түрде автоматтандырылады және электрондық форматқа ауыстырылады.

Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілдері сыбайлас жемқорлықтың кез келген жағдайына "мүлдем төзбеушілік" жүйесін енгізеді. Параға сатылмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, мемлекеттік қызметшілерге лайықты мінез-құлық этикасын қалыптастырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев өз кезегінде кеңеске қатысушыларды Агенттіктің сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға бағытталған жаңа стратегиясы туралы хабардар етті.