ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Чех Республикасы Парламенті Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Войтех Филиппен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Чех Республикасы Парламенті Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Войтех Филиппен кездесті

2021 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Чех Республикасы Парламенті Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Войтех Филиппен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы көлік және өнеркәсіптік өндіріс сияқты салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті.

В. Филип чех компанияларының Қазақстанның өнеркәсіптік кешенінің өкілдерімен өзара іс-қимылын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар сұхбат үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесуге сондай-ақ Чех Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гикл Рудолф қатысты.