ПАВЛОДАРДАҒЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

 ПАВЛОДАРДАҒЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІСІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Ағымдағы жылдың 12 ақпаны күні сағат 14:41-де Павлодар қаласындағы Ломов көшесі, 39-үйдің маңында коммуникациялық құдықтан судың ағып кетуінен төрт көп пәтерлі тұрғын үй (562 абонент Ломов көшесі бойынша 39,41,43 және Абай көшесінде 373) суық сусыз қалды. Осыған орай, суды тасып жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды.

Сол күні сағат 16:50-де «Қостанай Су» МҚК күшімен (10 жұмыскер және 6 техника бірлігі) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары нормативтік мерзімде (2 сағат ішінде) аяқталып, сумен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.

Мұндай жағдайдың туындауына сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы себеп болған. (республика бойынша сумен жабдықтау және су бұру желілерініңтозуы орташа 58,8% құрайды).Бұл ретте, желілердің тозуын төмендету үшін Үкімет «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары аясында желілерді реконструкциялау және жаңғырту үшін жоспарлы тәртіппен жыл сайын қаражат бөліп отырады.

Анықтама:

2017 жылы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 84 млрд.теңге бөлінген. Оның ішінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі»бағдарламасы арқылы - 36 млрд. теңге, «Нұрлы жол» несиелеу тетігі арқылы- 48 млрд. теңге.