1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтау

1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтау
Құрметті әріптестер! 
 
Сіздерді 1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
Тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы. Жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың ілгерілеу мен өркендеу жолымен келеді. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі.  
Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, елін сүйген азаматтарымыз көп болсын!   
 
Ардақты ағайын! 
 
Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! 
 
Құрметпен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов