Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Үйлестіру көлік кеңесінің 46-отырысы өтті

Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Үйлестіру көлік кеңесінің 46-отырысы өтті

NEW SILK WAY халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің Үйлестіру көлік кеңесінің 46-отырысы өтті. Іс-шараға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік органдарының басшылары мен салалық мекемелердің өкілдері қатысты.

Қатысушылар халықаралық көлік дәліздерін дамыту, тасымалдарды цифрландыру, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кадрлар даярлау және көлік әкімшіліктері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту және халықаралық тасымалдардың тиімділігін арттыру бойынша ортақ тәсілдерді келісуге ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша шешімдер қолдау тапты. Оларды іске асыру жөніндегі жұмыс ТМД-ның Үйлестіру көлік кеңесі аясында жалғасады.