Air Astana әуе компаниясы Оманға жаңа бағыттарды іске қосады

Air Astana әуе компаниясы Оманға жаңа бағыттарды іске қосады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Air Astana әуе компаниясы Оманға екі жаңа бағыт бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастайды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 23 қазанынан бастап Алматы – Салала бағыты бойынша аптасына 1 рет (жұма күндері), ал 24 қазаннан бастап Астана – Салала бағыты бойынша аптасына 1 рет (сенбі күндері) Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен рейстер орындалады.

Қазіргі уақытта Оманға Алматы – Маскат бағыты бойынша Salam Air әуе компаниясы рейстер орындайды.

Жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.