
Астанада Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Дамир Қожахметов пен Абу-Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Әл-Мансури кездесті.
Кездесуде көлік саласын цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын қолдану және Ұлттық бейнебақылау жүйесін іске асыру мәселелері талқыланды.
Ұлттық бейнебақылау жүйесі – көлік ағындарын бақылауға, көліктік бақылауды автоматтандыруға және көлік инфрақұрылымын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық платформа.
Ағымдағы жылы Астанада жүйенің пилоттық тестілеуі сәтті аяқталып, оның негізгі функцияларының тиімділігі расталды. Қазіргі уақытта Министрлік жүйені республикалық деңгейге кеңейту және көлік инфрақұрылымын басқаруға жасанды интеллект технологияларын одан әрі енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұған дейін қол қойылған Көлік инфрақұрылымын цифрландырусаласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін растады.