Қазақстанда техникалық байқау орталықтары мен жолаушылар тасымалына қойылатын талаптар күшейтілді

Қазақстанда техникалық байқау орталықтары мен жолаушылар тасымалына қойылатын талаптар күшейтілді

📌 Қазақстанда техникалық байқау орталықтарының жауапкершілігі күшейтілді. Енді оларға жұмыс бастау үшін арнайы рұқсат алу керек. Айыппұл 30-дан 100 АЕК-ке дейін өсті. Техникалық байқауды тек қағаз жүзінде жасағандардың жұмысы 3 жылға дейін тоқтатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Сонымен қатар министр жолаушылар тасымалы тәртіпке келтіріліп жатқанын, Ішкі істер министрлігімен және Яндекс, inDrive-пен бірігіп, рөлі оң жақтағы 70 мыңға жуық көлік тасымалдау процесінен шығарылғанын атап өтті.

Қауіпсіздікті одан әрі күшейту үшін рөлі оң жақтан солға ауыстырылған көліктерді такси ретінде қолдануға тыйым салу, тасымалға жауапты агрегаторлардың жауапкершілігін арттыру жоспарлануда.