Көлік министрлігінде қызметкерлердің балалары үшін ашық есік күні өтті

Көлік министрлігінде қызметкерлердің балалары үшін ашық есік күні өтті

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің «Transport Tower» ғимаратында министрлік қызметкерлерінің балаларына арналған ашық есік күні өтті.

Іс-шараға 7-сынып және одан жоғары сыныптарда оқитын мектеп оқушылары қатысты. Балалар министрліктің жұмысымен, негізгі бағыттарымен және көлік саласындағы түрлі мамандықтармен танысты.

Бағдарлама Ситуациялық орталыққа экскурсиядан басталды. Балалар орталықтың негізгі міндеттерімен танысып, заманауи құралдар көлік саласындағы жұмысты бақылауға және үйлестіруге қалай көмектесетінін білді. Сондай-ақ оларға министрліктің қызметі туралы таныстырылым жасалып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Одан әрі құрылымдық бөлімшелерге экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар әр бағыттағы мамандардың немен айналысатынын, жұмыс қалай ұйымдастырылатынын және көлік саласында қандай міндеттер атқарылатынын таныстырылды.

Іс-шара барысында балалар министрлік қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Балалар көлік саласындағы түрлі мамандықтар, жұмыс ерекшеліктері және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы білді.

Сонымен қатар балалар министрлік қызметкерлеріне жасалған жағдайлармен танысты. Оларға спорттық аймақ көрсетіліп, қызметкерлер үшін қарастырылған мүмкіндіктер туралы айтылды.

Ашық есік күні балаларға ата-аналарының жұмыс орнымен жақынырақ танысуға, көлік саласы туралы көбірек білуге және министрліктің жұмысы қалай ұйымдастырылатынын өз көздерімен көруге мүмкіндік берді.

#заңментәртіп #законипорядок