2017 жылдың 26 мамырында VIII халықаралық тау-кен металлургиялық конгрессі және «AstanaMining&Metallurgy» – АММ-2017 көрмесі аясында Қазақстан Республикасында зергерлік саланы дамыту жөнінде ұсыныстар жасау мәселесі талқыланды.
Талқылаудың негізгі тақырыбы: Қазақстанда зергерлік бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Отырысқа республиканың мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ «Тау-Кен Алтын» ЖШС, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «ҰлтСжС» АҚ сынама палатасының, Мемлекетаралық және ұлттық стандарттау орталығының, «Қазақстанның зергерлер лигасы» ЗТБ және ЖК, «Қазақювелир» АҚ басшылары және зергерлік саланың басқа да өкілдері қатысты.
«Асыл тастарды, бағалы металдардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу және әкетудің ерекшеліктері» тақырыбына шолу ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаева баяндама жасады.
Баяндамада 2016 жылдан бастап енгізілген асыл тастар және зергерлік бұйымдар туралы заңнаманың 5 тармақ бөлігіндегі және жоспарланатын өзгерістердің негізгі жаңа тәртіптер айтылды.
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау жаңа форматта қолданылатын болады. Осылайша, бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру аясында тексеруден ескерту сипаты бар бақылау формасына көшіру жоспарланып отыр»,-деп хабарлады ТРМК төрағасының орынбасары.
Сонымен бірге, ЕАЭО кірмейтін елдерден зергерлік бұйымдарды біздің елге әкелу және өзге елдерге әкету туралы біздің отандық өндірушілерді толғандыратын мәселелер мен мемлекеттік қолдау кезінде зергерлік саланы дамыту бойынша ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Ссөз соңында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаева еліміздегі зергерлік саланың табысты дамуына, отандық өндірістің алға басуы мен әлемдік нарыққа шығуына, ал өндірушілерге шығармашылықтың жемісі – теңдессіз бұйымдар шығаруларына тілектестігін білдірді.