Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту Қостанай облысында Тобыл станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысанды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, көлік инфрақұрылымын дамытуға, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ жайлы, қауіпсіз әрі қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталды.

Тобыл станциясының теміржол вокзалы 1943 жылы салынған. Реконструкция аясында ғимарат пен оған іргелес аумаққа кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Вокзалдың жалпы ауданы 435,92 шаршы метрді құрайды. Бір қабатты ғимарат жолаушыларға қызмет көрсету мен пайдалануға қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып толық жаңартылды.

Қайта жаңғырту барысында ғимараттың шатырын орнату, сыртқы және ішкі әрлеу, кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтау инженерлік желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Перрон жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды, сондай-ақ заманауи жиһаздар мен қажетті жабдықтар орнатылды.

📌Вокзалдың сәулеттік келбетін жаңартуға және оның пайдалану мерзімін арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Ғимараттың қасбеті заманауи фиброцементті панельдермен қапталып, жертөле гранитпен әрленді. Ішкі әрлеу жұмыстарында ұзақ мерзім пайдалануға жарамды, өрт қауіпсіздігі талаптарына сайжәне жеңіл жуылатын материалдар қолданылып, еденге керамогранит төселді. Жобаны іске асыру барысында отандық өндірістің материалдары пайдаланылды.

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа эвакуациялық жолдар ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін есіктер орнатылды, сондай-ақөртке қарсы іс-шаралар кешені жүзегеа сырылды.

Тобыл станциясының вокзалы 3-санатты вокзалдарға жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 370 адамды құрайды. Станция арқылы Астана, Алматы, Қарағанды, Семей, Ақтөбе, Қостанай, Орал, Атырау, Маңғыстау, Бейнеу және Шу қалаларымен теміржол қатынасын қамтамасыз ететін 26 жолаушылар пойызы өтеді.

Тобыл вокзалын қайта жаңғырту жолаушылар инфрақұрылымын айтарлықтай жаңартуға, жайлылық пен қауіпсіздік деңгейін арттыруға және халыққа қызмет көрсету үшін неғұрлым заманауи жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.

Еліміздің өңірлеріндегі теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Олар заманауи, қолжетімді әрі жолаушылардың талаптарына сай келетін көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.