Арқалық қаласының әуежайына IATA халықаралық коды - AYK ресми түрде берілді

Арқалық қаласының әуежайына IATA халықаралық коды - AYK ресми түрде берілді

Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Көлік министрлігі әуежайға IATA кодын беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 12 тамызда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Арқалық әуежайына үш әріптен тұратын AYK ресми кодын берді.

Аталған код бірегей болып табылады және Арқалық әуежайын әлемдік брондау және әуе билеттерін рәсімдеу жүйелеріне, рейстер кестесіне, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да жаһандық ақпараттық жүйелерге интеграциялауға мүмкіндік береді. Бұл код бұған дейін Арқалық қаласының әуежайында қолданылған және қазіргі уақытта қалпына келтірілді.