ҚР ИИДМ пандемияға орай отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетіп жатыр

ҚР ИИДМ пандемияға орай отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетіп жатыр

Төтенше жағдай кезінде теміржол көлігі саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында алымдар, айыппұлдар мен төлемдер алынып тасталды:

- жүктерді сақтау үшін 10 есе ұлғайтылған алым;
- вагондарды беру-жинау қызметтерін көрсету үшін тасымалдаушы локомотивінің станциядан тасымалдаушының локомотиві жоқ станцияға жүрісі үшін алым;
- жүк тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындамағаны үшін айыппұл;
- инвентарлық (жалпы) парктің вагондары мен контейнерлерін пайдаланғаны үшін төлем.

Бұдан басқа, экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде 2020 жылдың соңына дейін хабардар етілген сәттен бастап 48 сағаттан астам тұрып қалған жүктерді сақтағаны үшін алымның 10 еселенген мөлшерін 6 айға алып тастау жөніндегі тармақ көзделген. Алым тарифтік басшылықтың (прейскуранттың) 11-тармағына сәйкес белгіленеді (3-бөлім).

Жүктерді сақтау алымы «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ 2020 жылы 8 маусымдағы № 69-БП бұйрығына сәйкес 2020 жылы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін жойылды.

Бұл алымның күшін жою кәсіпкерлік субъектілеріне жүктемені және жүк жөнелтушілерге көлік шығыстарын азайтуға, ұжымда қызметкерлерді жалақымен қамтамасыз ете отырып, тұрақты жағдайды сақтауға мүмкіндік береді.