Көлік министрлігі мен Presight цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Көлік министрлігі мен Presight цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Қожахметов Дамир Маратұлы мен Presight компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам көлік инфрақұрылымын цифрландыру бойынша ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.

Келісім көлік инфрақұрылымының цифрлық трансформациясын дамытуға, заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге және интеллектуалды көлік жүйелері саласында халықаралық тәжірибені алмасуға бағытталған.

Ынтымақтастық аясында тараптар жасанды интеллект технологияларын, бейнеаналитиканы және үлкен деректерді талдау мәселелерін қарастыруға ниетті.

Келісімді жүзеге асыру еліміздің көлік саласын одан әрі дамытуға, көлік инфрақұрылымын басқару тиімділігін арттыруға және көлік ағындарын бақылауды жетілдіру үшін халықаралық тәжірибе мен ең үздік технологиялық шешімдерді біріктіруге мүмкіндік береді.