2020 жылдың 17 қарашасында Мемлекет басшысымен «Кеме қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойылды.
Кеме қатынасы туралы келісім Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттаманы (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 24 қосымша) іске асыру және ЕАЭК-ке қатысушы елдер арасында су көлігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында әзірленді.
Келісімнің нормалары ішкі су жолдарымен кемелердің жүзу тәртібін айқындайды.
Сондай-ақ тараптар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ішкі су жолдарында ұсынылатын реттелетін қызметтерді көрсетудің бірдей шарттарын қамтамасыз етуді келісті.