
Көлік министрлігі әуе қатынастарының географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді.
Осылайша, ағымдағы жылдың 13 маусымынан бастап Өзбекстандық «My Freighter» (Сentrum Air) әуе компаниясы Қазақстанға Ташкент – Қостанай жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 1 рет (сенбі күндері) «Airbus 320» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.