Бүгін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Министрлік басшылығы қызметкерлерді мерекемен құттықтап Мемлекеттік Әнұранды бірге орындады.
Биыл Мемлекеттік рәміздер күні «Рәміздер рухы – Конституция күші» тақырыбымен аталып өтуде. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың парызы, елге деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің жарқын көрінісі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, еліміз өркендеп, Қазақстанымыз гүлдене берсін!
#РәміздерРухы,
#КонституцияКүші, #МеніңТуымМеніңМақтанышым