ҚР Көлік министрлігі жолаушылар тасымалының сапасына бақылауды күшейтуде

ҚР Көлік министрлігі жолаушылар тасымалының сапасына бақылауды күшейтуде

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті Бас көлік прокуратурасының өкілдерінің қатысуымен жолаушылар пойыздарына тексеру жүргізді.

Іс-шаралар тасымалдаушылардың жасалған шарт талаптарын сақтауын бақылау аясында ұйымдастырылды. Жаз мезгілінде сұраныстың артуы қарсаңында жолаушылар қауіпсіздігі, санитарлық жағдай және қызмет көрсету сапасына басымдық берілді.

Рейдтік іс-шаралар барысында мобильді топтар бірқатар бағыттар бойынша жолаушылар пойыздарының құрамдарын тексерді.

Тексеру кезінде вагондардың техникалық жай-күйіне, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы купелердің болуына және олардың жабдықталуына, санитарлық жағдайға, төсек-орын жабдықтарының сапасына, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуіне ерекше назар аударылды.

Тексеру қорытындысы бойынша жекелеген ескертулер анықталып, тасымалдаушыларға оларды жедел жою бойынша ұсынымдар берілді.

Көлік министрлігі бұзушылықтар анықталған жағдайда жолаушылар +7 700 098 35 35 нөмірі арқылы мессенджерлер көмегімен ахуалдық орталыққа хабарласа алатынын еске салады.

Жолаушылар тасымалының сапасын мониторингтеу жұмыстары тұрақты негізде жалғасатын болады.