
Тиісті рұқсат беру құжаттарынсыз авиациялық жұмыстарды орындаудың ықтимал жағдайларының алдын алу мақсатында Азаматтық авиация комитеті (ААК) және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ (ҚАӘ) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін және белгіленген нормаларды бұза отырып қызметті жүзеге асыруға жол берілмейтінін ескертеді.
Авиациялық жұмыстарды белгіленген тәртіппен берілген, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына қолданыстағы куәлігі бар сертификатталған пайдаланушылар ғана орындай алады.
Аталған куәліксіз, сондай-ақ тиісті пайдалану спецификацияларынсыз авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылады.
Пайдаланушылар келесі талаптарды қамтамасыз етуге міндетті:
ААК және ҚАӘ авиациялық жұмыстар саласындағы заңсыз қызмет ұшу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ мүлікке тікелей қатер төндіретінін атап көрсетеді.
Авиациялық жұмыстарды тиісті сертификаттаусыз жүзеге асыратын тұлғалар мен ұйымдарға қатысты әуе кемелерін пайдалануға тыйым салуға және материалдарды құқық қорғау органдарына беруге дейін әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады.
ААК және ҚАӘ азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушыларын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және қызметті тек қолданыстағы рұқсат беру құжаттары болған жағдайда ғана жүзеге асыруға шақырады.