
Бішкекте Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілдерінің қатысуымен «Қырғызстан – өңірлік хаб: құрлықтарды байланыстыру» атты халықаралық көлік форумы өтті.
Форум аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде көлік министрліктері басшыларының кездесулері де ұйымдастырылды.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көлік министрліктері басшыларының 13-ші кеңесі аясында қазақстандық тарап күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша ақпарат ұсынып, халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсаттарды цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар, кеңес барысында тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі арнайы жұмыс тобы туралы ережені келісті. Сондай-ақ мультимодальды құрлықтағы жүк тасымалдарын басқаруға арналған ШЫҰ-ның бірыңғай цифрлық платформасын құру тұжырымдамасының жобасын қоса алғанда, бірқатар өзге де құжаттар талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөніндегі уағдаластықтарды бекіткен қорытынды хаттамаға қол қойылды.
ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің көлік ведомстволары басшыларының 9-шы кездесуі барысында Қазақстан цифрландыруды енгізу және ұйымға мүше елдердің мемлекеттік шекараларынан өту үдерістерін жеңілдету жұмыстарының айрықша маңызын атап өтті.
Атап айтқанда, электрондық жүкқұжатын (e-CMR) енгізу және шетелдік рұқсат бланкілерімен электронды алмасу жүйесін (e-Permit) кеңейту, оның ішінде жасанды интеллект элементтерін пайдалану жұмыстары ерекше атап өтілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің көлікке жауапты министрліктері арасында e-CMR енгізу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Цифрлық шешімдерді одан әрі енгізу жөніндегі қол жеткізілген уағдаластықтар кездесу қорытындысы бойынша қол қойылған бірлескен коммюникеде де бекітілді.