Авиакомпаниялар әкімшілік жауапқа тартылды

Авиакомпаниялар әкімшілік жауапқа тартылды

Әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген жұмыс аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ тарапынан авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәліметтер ұсыну фактілерін анықтады.

 

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аталған авиакомпанияларға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылып, олардың әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.