Қазақстанға келген жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшақтары алғашқы тұрақты рейстерін орындауда

Қазақстанға келген жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшақтары алғашқы тұрақты рейстерін орындауда

 Жақында SCAT әуекомпаниясының флотын толықтырған екі жаңа Boeing 737 MAX 8 әуе кемесі Шымкент – Астана – Шымкент бағыты бойынша алғашқы тұрақты рейстерін орындай бастады.

Отандық әуе компаниясының паркіне бірден екі жаңа әуе кемесінің қосылуы Қазақстанның авиация саласы үшін елеулі оқиға және қазақстандық авиация нарығының белсенді дамуының тағы бір дәлелі болды. Осы жылдың соңына дейін қазақстандық әуе компанияларының әуе кемелері паркін 118 ұшаққа дейін ұлғайту жоспарлануда.

ҚР Көлік министрлігі әуе тасымалдарының қолжетімділігін арттыру, маршруттық желіні кеңейту және отандық авиация нарығының бәсекеге қабілеттілігін нығайту, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейі мен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық әуе компанияларының әуе кемелері паркін кеңейту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.