
Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халықтың теміржол тасымалдарына деген жоғары сұранысын қанағаттандыру мақсатында қосымша пойыздар тағайындалып, ең сұранысқа ие бағыттарда орын саны арттырылатын болады.
Атап айтқанда, стандартты жолаушылар вагондарынан құралған 22 рейске 3 қосымша пойыз тағайындалды:
Сонымен қатар, жолаушылар ағыны жоғары бағыттар бойынша қолданыстағы пойыздарға қосымша 230 тіркемелі вагон қосылды.
Қала маңы тасымалдары желісі бойынша Астана – Павлодар, Шу – Тараз, Астана – Атбасар, Астана – Курорт-Бурабай, сондай-ақ Қарағанды – Балқаш бағыттары бойынша 11 қосымша рейс ұйымдастырылды және Қарағанды – Балқаш бағытына 6 тіркемелі вагон қосу қарастырылған.
Жалпы Наурыз мейрамы күндері жолаушылар үшін қосымша шамамен 45 мың орын ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, еліміздің бірқатар теміржол вокзалдарында шағын мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарлануда, оның ішінде жолаушыларға дәстүрлі ұлттық тағамдар ұсыну, тақырыптық фотозоналар орнату және мәдени қойылымдар ұйымдастыру қарастырылған, бұл Наурызды мерекелеу күндері жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға мүмкіндік береді.