
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстарын жалғастыруда.
2026 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша өңірдегі жағдайдың шиеленісуі басталғаннан бері Қазақстанға 27 рейс орындалып, 4 659 жолаушы елге жеткізілді.
2026 жылғы 5 және 6 наурыз күндері 4 әуе компаниясы 15 рейс орындап, 2 549 жолаушыны тасымалдады.
«Эйр Астана» әуе компаниясы Джидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша 3 рейс орындады.
SCAT әуе компаниясы Маскат – Алматы бағыты бойынша 1 рейс орындады.
FlyDubai әуе компаниясы Дубай – Алматы бағыты бойынша 5 рейс және Дубай – Астана бағыты бойынша 2 рейс орындады.
Сондай-ақ Air Arabia әуе компаниясы Шарджа – Алматы бағыты бойынша 4 рейс орындады.
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары өңірдегі ағымдағы жағдайды ескере отырып жалғасуда.