Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен бірге отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен қайтару жұмыстарын жүргізуде.
Атап айтқанда, “FlyDubai” әуе компаниясы 3 наурыз күні Дубай – Астана және Дубай – Алматы бағыттары бойынша 2 рейс орындады. Осы рейстермен барлығы 306 жолаушы (тиісінше 151 және 155 жолаушы) елге жеткізілді.
Қазіргі уақытта “Эйр Астана” әуе компаниясы Сауд Арабиясынан 3 наурызға жоспарланған рейстерді орындауда.
Қазіргі кезде Медина қаласынан 290 орындық Airbus A320 әуе кемелерімен 2 рейс, сондай-ақ Жидда қаласынан жалпы сыйымдылығы 339 орындық Airbus A321 әуе кемелерімен 2 рейс орындалып жатыр. “SCAT”әуе компаниясы Қазақстан Республикасы азаматтарын алып келуге 290 орындық Boeing-767 әуе кемесімен Алматы – Маскат (Оман) – Алматы бағыты бойынша рейс жасауды жоспарлап отыр. Рейс Алматы қаласынан жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де ұшады. Әуе компаниялары Таяу Шығыстағы ахуалды ескере отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарын елге қайтару рейстерін одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр.
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ашты:
+7 7172 77 98 21
+7 7172 79 82 13
+7 7172 79 82 14
Рейстердің мәртебесі туралы ақпараттарды білу үшін жолаушыларға төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласу ұсынылады:
Air Astana: +7 727 244 44 77; +7 7172 58 44 77; +7 702 702 44 77
FlyArystan: +7 727 331 10 10; WhatsApp: +7 702 702 02 27
SCAT Airlines: +7 7252 99 88 80
Qazaq Air: +7 727 356 14 14
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы: +7 7172 702 999
Алматы халықаралық әуежайы: +7 727 228 00 19
Сондай-ақ жолаушыларға өзекті ақпаратты Қазақстанның Таяу Шығыс елдеріндегі дипломатиялық өкілдіктерінен нақтылау ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
+7 7172 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті);
+7 7172 72 01 11 (кезекші дипломат);
Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі (Тегеран қ.):
+98 21 2256 5933 (кезекші);
+98 936 208 4672 (ұялы телефон, WhatsApp);
Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығы:
+98 912 298 0350 (ұялы телефон);
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);
+7 701 771 34 01 (WhatsApp);
Қазақстан Республикасының Бандер-Аббас қаласындағы Консулдығы:
+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp);
Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі:
+962 777 688 885
Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі:
+971 50 508 5226
+971 2 449 8778
Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы:
+971 50 570 1978
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі:
+966 55 663 0177
Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Елшілігі:
+974 5064 9955
+974 5100 0733
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі:
+965 6704 2545
Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Елшілігі:
+961 471 3467
+961 471 3447
Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Бас консулдығы:
+973 3348 0890
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігі:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші);
+972 54 878 4608 (ұялы телефон, WhatsApp);
+972 53 272 1815 (ұялы телефон, WhatsApp);
+7 701 731 4177 (WhatsApp).
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен және әуе компанияларымен бірге жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, қажетті шараларды қабылдауда.