Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, онда автомобиль, теміржол және авиация инфрақұрылымын дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Вице-министр өңірдің көлік жүйесін жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқанын және бұл жұмыстар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, туризмді дамытуға әрі облыстың транзиттік әлеуетін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Кездесу барысында тұрғындар автомобиль жолдарын одан әрі жөндеу мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, Қарқаралыдан Егіндібұлаққа дейінгі учаскедегі жұмыстарды жалғастыру, Ақшатау – Ағадырь автожолының жай-күйі, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар Қарағанды – Жезқазған бағытын қайта жаңғыртудың қазіргі мәртебесі сөз болды. Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, аталған жобалар түрлі іске асыру және пысықтау кезеңінде, ал қаржыландыру мен жұмыс кезеңдері белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалады.

Сонымен қатар, Балқаш қаласынан әуе қатынасы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жазғы кезеңде Балқаш – Алматы бағыты бойынша рейстерді орындау мүмкіндігі, сондай-ақ қаланың теміржол инфрақұрылымын жаңғырту, оның ішінде Балқаш-1 станциясын жаңарту перспективалары талқыланды. Бұдан бөлек, Қарқаралы ауданының тұрғындары Қарағайлы кентіне дейінгі теміржол желісінің тозу мәселесін және оны одан әрі дамыту қажеттігін көтерді.

Вице-министр барлық түскен өтініштер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Министрліктің тиіст құрылымдық бөлімшелері тарапынан жан-жақты қаралатынын атап өтті.
Өтініш білдірген барлық азаматтарға толыққанды жауаптар, түсіндірулер және ұсынымдар берілді.