
Дәріскерлер ретінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының өкілдері Динара Амуртаева мен Әсел Қарымсақова сөз сөйледі. Сөз сөйлеу барысында құқықтық жауапкершілік мәселелері, сондай - ақ мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, соның ішінде онлайн және офлайн-казиноға, сондай-ақ бәстесуге қатысуға тыйым салулар егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Қазіргі уақытта қызметтік тәртіпке, қаржылық тұрақтылыққа және кәсіби сенімділікке теріс әсер ететін фактор ретінде ойынға тәуелділікке қатысу тәуекелдері құқық қорғау органдары тарапынан ерекше қадағалауға алынғаны ескертілді.
Бұл ретте қатысушыларға мемлекеттік қызметте заңнама талаптары мен парасаттылық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.