Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментімен 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын шығару және транспорттық оқиғаларға қатысты өзекті мәселелерді талқылау мақсатында азаматтық авиация ұйымдары, тасымалдау процесіне қатысушылар және қосымша қызметтер теміржол көлігінде, су көлігінің өкілдері, ведомстволар мен құзырлы органның аймақтық бөлімшелері, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы құзырлы ұйым өкілдерімен кеңес өткізді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Департаменттің тергеп-тексеруіне жататын көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғалар статистикасы 2024 жылмен салыстырғанда әуе көлігінде (42-ден 35-ке дейін) және теміржол көлігінде (16-дан 7-ге дейін) көрсеткіштердің төмендегенін, ал су көлігінде (3-тен 9-ға дейін) оқиғалардың артқанын көрсетеді.
Кеңес барысында 2025 жылдағы көліктік оқиғалардың тән үрдістері бойынша алдын ала талдау ұсынды. Аяқталған тергеп-тексерулердің себептері мен ықпал етуші факторлары талқыланды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде берілген ұсынымдар негізінде профилактикалық шараларды іске асыруды көздейтін іс-шаралар жоспарларының орындалуына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының (Бас көлік прокуратурасы, Ішкі істер, Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері) өкілдерінің қатысуымен жеке кеңес өткізілді. Қол жетуі қиын жерлерде (таулы аймақтар, акваториялар және т.б.) орын алған көлік оқиғалары кезінде жедел әрекет етуге дайындық және өзара іс-қимыл мәселелері, оқиға орнын қоршаудың және себептерін анықтау үшін ерекше маңызы бар заттай дәлелдемелерді сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ басқа да мәселелер талқыланды.
Сонымен бірге, кеңес барысында Бас көлік прокуратурасының бастамасымен Көлік министрлігінің, Көліктегі полиция департаментінің және Әділет министрлігінің қолдауымен әзірленген «Азаматтық авиация саласындағы әуе апаттарын тергеп-тексеру әдістемесі: тәжірибе, мәселелер, шешімдер» атты әдістеме таныстырылды. Аталған құжат бірыңғай құқық қолдану практикасын қалыптастыруға және жауапты мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіруге бағытталған, бұл құқық қорғау органдары тарапынан да, азаматтық авиация саласындағы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті орган тарапынан да тергеп-тексерулердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кеңес қатысушыларына Көлік министрлігі жүргізіп жатқан авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жүйесін трансформациялау туралы ақпарат та ұсынылды. Атап айтқанда, ағымдағы жылы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) стандарттары мен ұсынылатын тәжірбиесіне сәйкес тәуелсіз және тиімді тергеп-тексеру жүйесін қалыптастырудың жаңа тәсілін көздейтін «Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру орталығы» АҚ өз жұмысын бастайды.
Тәжірибе алмасу және үздік әлемдік тәжірбиені енгізу мақсатында 2025 жылы Департамент Сингапур және Біріккен Араб Әмірліктерінің тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті органдарымен Өзара түсіністік туралы келісімдерге қол қойды.
Халықаралық стандарттарды сақтау және үздік әлемдік тәжірибені зерделеу негізінде Көлік министрлігі ағымдағы жылы көлік оқиғаларын тергеп-тексеру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр.
Кеңес қорытындысы бойынша көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру барысында елеулі үлес қосқаны және ынтымақтастығы үшін бірқатар мемлекеттік органдар мен көлік саласының қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.