Халықаралық автотасымалдарды дамыту: география мен шарттық базаны кеңейту

Халықаралық автотасымалдарды дамыту: география мен шарттық базаны кеңейту

2025 жылы Қазақстан 42 елмен үкіметаралық келісімдер жасай отырып, халықаралық автомобиль тасымалдарының географиясын кеңейтті. Түркіменстанмен, Иранмен рұқсат етілмеген тасымалдау жүйесі енгізіліп, Түркиямен уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан Қытай аумағына транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы ел болды. ҚХР және Өзбекстанмен бірлесіп шетелдік рұқсат бланкілерінің 65%-ы цифрландырылды.

Нарықтың бақылауы мен ашықтығын күшейту үшін жүк көлігін цифрлық өлшеу енгізілуде — елде айыппұлдарды автоматты түрде рәсімдеу жүйесімен біріктірілген 73 автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылды.

@KZgovernment