
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 320 млн тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға артты. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында теміржол инфрақұрылымын ауқымды жөндеу жалғасуда – 4,4 мың шақырымнан астам жолдың жөндеу жұмыстары орындалды.
2025 жылы «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі және Алматы айналма жолы іске қосылды, «Қызылжар – Мойынты» желісінің құрылысы басталды, 775 локомотив жеткізуге және 124 вокзалды жаңғырту бойынша келісімшарттарға қол қойылды.
Сонымен қатар теңіз тасымалы 7%-ға, контейнерлік тасымал 29%-ға өсті. Ақтау портында контейнерлік хаб құрылысы аяқталды, сондай-ақ Транскаспий бағытын дамыту күшейтілді.