
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында көлік және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған екі заң жобасы қаралды.
Бірінші заң жобасы - Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу пункттері туралы келісімнің хаттамасын ратификациялау. Хаттама «Кеген–Қарқыра» автомобиль өткізу пунктінің жұмысы істеу уақытын жарық уақыттан тәулік бойы режиміне ауыстыруды көздейді. Бұл шекарадағы өткізу қабілетін арттыруға және туризмді дамытуға мүмкіндік береді. 2025 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара арқылы 11 миллион адам және 3 миллион көлік өткен.
Екінші заң жобасы - Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 (а) және 56-баптарына өзгерістер енгізу жөніндегі хаттамаларды ратификациялау. Құжат ИКАО кеңесінің құрамын 36-дан 40 мемлекетке, ал Аэронавигациялық комиссияны 19-дан 21 мүшеге дейін ұлғайтуды көздейді.
ИКАО Кеңесі халықаралық авиациялық стандарттарды бекітуге, ұйым қызметін басқару және мемлекеттер арасындағы дауларды шешу бойынша ұйым болса, Аэронавигациялық комиссия ұшу қауіпсіздігі мен әуе қозғалысын ұйымдастыру мәселелерін қарайтын техникалық орган болып табылады.
Қазіргі уақытта аталған құжаттарды 120 мемлекет ратификациялаған.
Аталған заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші оқылымында мақұлданды.